Ұзақ өмір сүруге көмектесетін 7 әдет: әлемдегі жасы ең үлкен президент жүзге толды

Ұзақ өмір сүруге көмектесетін 7 әдет: әлемдегі жасы ең үлкен президент жүзге толды
Фото: Neil Hall/Reuters

Экс-президент Джимми Картер жүз жасқа толды және ол осы жасқа дейін өмір сүрген АҚШ-тың алғашқы президенті. Мамандар оған ұзақ өмір сүруге көмектескен әдеттер жайлы айтты, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Today-ге сілтеме жасап.

1 қазанда АҚШ тарихындағы ең ұзақ өмір сүрген және әлемдегі қазір өмір сүріп жатқан президенттердің арасындағы ең үлкен президент 100 жасқа толып жатыр. 

Джимми Картер 90 жасқа дейін белсенді болды және таңғажайып өміршеңдігін көрсетті. Ол 77 жыл бірге өмір сүрген сүйікті әйелі Розалиннің өлімін, қатерлі ісікті және бірнеше құлауды өткерді.

Бір күн бұрын Джимми Картер отбасына қараша айында өтетін президенттік сайлауда дауыс бергісі келетінін айтқан.

"Мақсаттың болуы – адамға ұзақ өмір сүруге көмектесетін күшті фактор", – дейді ұзақ өмір сүруді зерттейтін дәрігер Томас Перлс.

Томас Перлстің ойынша, адамдардың шамамен 10 пайызы 100 жасқа дейін өмір сүре алады.

Ол президент Джимми Картердің ұзақ өмір сүруіне мына әдеттер көмектесті деп санайды:

Мақсат қою

Картер мен оның әйелі 1984 жылдан бері Habitat for Humanity компаниясында ерікті болып, 14 елде 4300-ден астам үйді жөндеуге, үй салуға көмектесу арқылы қоғамға белсенді қатысқаны белгілі.

Әрқашан жаңа тапсырмаларды іздеу

Ақ үйден кеткеннен кейін бұрынғы президент пен оның әйелі адам құқықтарын қорғау және адам азаптарын жеңілдету үшін Атлантада "Картер" орталығын құрды. Картер 62 жасында тау шаңғысымен сырғанауды үйренді.

Берік отбасылық қарым-қатынас құру

Картер мен оның әйелі 77 жыл некеде тұрды, бұл президенттер тарихындағы ең ұзақ неке. Картер мұны "толыққанды серіктестік" деп атады.

"Розалин мен қол жеткізген істің  бәрінде менің тең құқылы серіктесім болды", – деді Картер.

Олардың балалары, немерелері және шөберелері бар.

Жүйелі түрде физикалық жаттығулар жасау

Картер 80 жасқа толғанға дейін және тізесінде проблема пайда болғанға дейін жүгірді, одан кейін ол жүзуге және жүруге көшті.

"Ұзақ уақыт бойы адамның қозғалуына мүмкіндік беретін физикалық белсенділік режимі ұзақ өмір сүру үшін маңызды, – дейді геронтологтар. Ол спорт болуы міндетті емес, кез келген белсенділік пайдалы".

Көпшіл болу

Ұзақ өмір сүретін адамдар әдетте экстраверт болып келеді, яғни олар өзіне оңай дос таба алады және пайдалы әлеуметтік байланыстар жасай алады, – дейді Перлс.

Бұл олардың когнитивті белсенді, жалғызбасты емес екенін және мұқтаж болған кезде көмекке жүгінетін адамы бар екенін білдіреді.

"Президент Картер көпшіл болды және мен өмірімде кездестірген ең қамқор және жанашыр президент болды", – дейді Перлс.

Өміршеңдік

Бұрынғы президенттің денсаулығымен проблема болды, әйелі қайтыс болды және бір жарым жылдан астам уақыт хосписте тұрды.

Профессор өмірде психикалық тұрақты болу маңызды екенін атап өтті.

Сенім

1981 жылы Ақ үйден кеткеннен кейін 2020 жылға дейін Картер Джорджия штатындағы Плейнс қаласындағы "Маранафа" баптистік шіркеуінің жексенбілік мектебінде сабақ берді.

"Ұзақ өмір сүруге ген, мінез-құлық қоршаған орта және жылдар бойы орын алатын апаттар мен жағдайлардың күрделі үйлесімі әсер етеді. Бірақ ұзақ өмір сүруде рөл атқаратын және Картер жағдайында да қолданылатын кейбір негізгі үлгілер бар", – дейді "Ұзақ өмір сүру жобасының" авторы Ховард Фридман.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

А. Жапатова