• 500.67
  • 490.7
  • 6.04

“Ұзақ жазылады“. Қыста аяқ-қолдың сынуына қатысты қандай ырым бар?

“Ұзақ жазылады“. Қыста аяқ-қолдың сынуына қатысты қандай ырым бар?
Фото: depositphotos.com

Қазақ салт-дәстүр мен наным-сенімге бай халық. Соның бірі - аяқ-қолдың қыс мезгілінде сынуы. Ертеден ата-бабаларымыз қыста аяқ-қол сынса, ұзақ жазылады, кейін өмір бойы сыздайтын болады деп сенеді. Бұл қаншалық рас? Massaget.kz тілшісі этнограф Болат Бопайұлынан сұрады.

Белгілі этнограф қыста аяқ-қол сынуы және оның ұзақ жазылуы туралы сенімнің ғылыми және дәстүрлі негіздерін келтірді.

"Қыста аяқ-қол сынып, оның жазылу уақыты мен ауру асқынуына қатысты нанымның астарында табиғи және медициналық себептер болуы мүмкін", - деді Болат Бопайұлы.

Мәселен, ғылыми тұрғыдан қарасақ:

  • Қыста температура төмен болғандықтан, қан айналымы баяулайды. Бұл жарақаттанған дене бөлігіне оттегі мен қоректік заттардың жеткізілуін азайтып, сүйек пен тіндердің жазылуын баяулатуы мүмкін. Суық ауа райы сынған жердегі жүйке ұштарын сезімтал етеді, сондықтан ескі жарақаттар сыздап, мазалауы ықтимал;
  • Қыста адамның иммундық жүйесі жиі әлсірейді. Бұл сүйек пен жұмсақ тіндердің қалпына келу процесіне әсер етуі мүмкін;
  • Қыста күн сәулесінің аз болуына байланысты D дәрумені жетіспеушілігі байқалады. Бұл сүйекке кальцийдің сіңуін қиындатып, сынған сүйектің қалпына келуін баяулатады;
  • Қолайсыз ауа райы адамның қозғалысын шектеп, сүйек пен буындардың табиғи қызметін қалпына келтіруге кері әсерін тигізуі мүмкін.

Фото: depositphotos.com

Сенімге қатысты қандай ырым-тыйымдар бар?

Қазақ халқында қыста жарақат алуға байланысты белгілі ырым-тыйымдар мен нанымдар бар. Болат Бопайұлы олардың табиғи жағдайлар мен өмір тәжірибесінен туындағанын айтады.

"Қыста алған жарақаттың жазылуы қиын деген нанымның негізінде қыс мезгіліндегі ауа райының салқындығы мен жарақаттың қалпына келуіне кері әсер ететін факторлар жатыр. Қыста сүйек сынғанда, оның ұзақ жазылуы немесе кейін сыздап, ауыруы табиғатқа байланысты деген түсінік бар", - деді ол.

Фото: depositphotos.com

Тыйымдар:

"Қыста сүйек сындырсаң, жылы жерге жат"

Мәні: бұл суықтың әсерін азайтып, жылулық арқылы жазылу процесін жеделдетуге бағытталған.

"Қыста ауыр жарақатты жылытып емде" 

Мәні: сынған жерді суықтан сақтау үшін жылу терапиясын қолдану туралы ырым.

"Ал сынған жердің сыздауына қатысты: қазақта ескі жарақаттың немесе сынған жердің сыздауы табиғатпен байланыстырылады: "Қара суықта ескі жараң білдіреді" деген сөз бар. Бұл ауа райының қысымынан немесе ылғалдылығынан жарақаттың қайта сезілуі", - деп түсіндірді ол.

Аяқ-қол сынғанда жылдам жазылу үшін не істеу керек?

Егер қыста сүйек сынса, жазылуды жеделдету үшін мына шараларды қолдану ұсынылады:

  1. Дұрыс тамақтану: Кальций мен D дәруменіне бай тағамдарды тұтыну (сүт өнімдері, балық майы, жаңғақтар);
  2. Жылылықты сақтау: Жарақаттанған жерді жылы ұстау қан айналымын жақсартады;
  3. Медициналық бақылау: Дәрігер ұсынған ем-домды уақытылы орындау;
  4. Физиотерапия: Жарақат жазылған соң, қозғалысты қалпына келтіру үшін жаттығулар жасау қажет.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Б. Жұмаділлә
Logotype Massaget