"Болашақ сәулетшілері" қорының негізін қалаушы Марат Әбиевке үкім шығарылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
2025 жылы 14 ақпанда Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық сотының үкімімен "Болашақ сәулетшілері" қорының негізін қалаушы Марат Әбиев пен оның сыбайластары сотталды.
Марат Әбиев мына баптар бойынша:
Оның сыбайластары 8 жылға бас бостандығынан айырылды.
Сот шешімі бойынша айыпталушылардың мүлкі тәркіленіп, олардың контрабандалық жолмен алынған 6 млрд теңгеден аса қылмыстық табысы тәркіленді.
Сот үкімі әлі заңды күшіне енген жоқ.
Бұған дейін агенттік Марат Әбиев пен оның сыбайластары саналатын Антон Новицкий, Жанібек Дарибаев, Евгений Гребнев, Аманай Махметовке қатысты алдын ала тергеу аяқталғанын хабарлаған болатын.
2018-2022 жылдар аралығында олар ұйымдасқан топ құрып, Ақтөбе облысындағы МӨЗ-да ЕАЭО аумағында көлемі 50,6 мың тонна болатын сатуға тыйым салынған "К-2" экологиялық класты дизель отынын өндірген. Кейін бұл дизель отыны мұнай өнімі ретінде 11,3 млрд теңгеге сатылған, соның ішінде 22,6 мың тоннасы 6,7 миллиард теңгеге шетелге контрабандалық жолмен шығарылған.
Мұнай өнімдерінің заңсыз айналымынан түскен табыс арқылы Genesis (немесе "Болашақ сәулетшілері") атты заңсыз қоғамдық бірлестіктің қызметі қаржыландырылған, оны құрып басқарғаны үшін 2023 жылы 21 тамызда Марат Әбиев 7 жылға бас бостандығынан айырылған болатын.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!