Ұйымдасқан қылмыстық топ: Қазақстанда 300-ге жуық адам сотталды

Ұйымдасқан қылмыстық топ: Қазақстанда 300-ге жуық адам сотталды
Фото: Tengrinews.kz/ Тұрар Қазанғапов

Былтыр Қазақстанда қылмыстық қауымдастықтардың 299 мүшесі қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Бұл сан ІІМ алқа отырысында аталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ұйымдасқан қылмыстық топтарды құру және оларға жетекшілік ету деректері бойынша 78 қылмыстық іс қозғалған, оның ішінде 10 іс – трансұлттық арналарға қатысты. Заңсыз айналымнан 2,5 мыңнан аса қару тәркіленді.

"Қабылданған шаралар қылмыстық топтарды қаржыландыру мен жабдықтаудың тұрақты арналарын жоюға, сондай-ақ, олардың экономика мен қоғамдық қауіпсіздікке ықпалын тоқтатуға мүмкіндік берді", – деді Ішкі істер министрі Ержан Сәденов.

Айта кетейік, бірқатар жағдайда қылмыстық қауымдастықтардың қызметіне полиция қызметкерлері де тартылған. Мәселен, былтыр Солтүстік Қазақстан облысының Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы бастығының орынбасары тағы пара алғаны үшін 8 жылға сотталды: ол рецидивистің қылмысын жасыру үшін бірнеше мәрте пара алған.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Massaget.kz
Logotype Massaget