ҚМА елордалық департаменті жұмысты, қызмет көрсетуді және жүктерді жөнелтуді нақты орындамай, жалған шот-фактураларды жазып беру дерегі бойынша бір топ тұлғаға қатысты қылмыстық істі тергеуді аяқтады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ведомство мәліметіне сілтеме жасап.
"2021 жылғы қыркүйектен 2022 жылғы наурызға дейін бір топ тұлғалар мүліктік пайда алу мақсатында нақты қызметтер көрсетпей, жұмыстарды орындамай және тауарларды жөнелтпестен, бақылаудағы жеке кәсіпкерлік субъектілерінің атынан шот-фактуралар беру бойынша іс-әрекеттерді жасауға жәрдемдесті. Олар өз әрекеттерімен мемлекетке өтелмеген 1 миллиард теңгеден аса салық сомасында аса ірі көлемде зиян келтірген", - делінген хабарламада.
Сот үкімі бойынша, ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелері кінәлі деп танылып, 3,5 жылдан 4,5 жылға дейін бас бостандығынан айырылды.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!