Өзін-өзі дұрыс тәрбиелеу ешқандай дәрі-дәрмексіз ұйқы проблемаларынан арылуға көмектеседі. Бұл туралы сомнолог Татьяна Ларье айтты, - деп хабарлайды Lenta.ru.
Маманның сөзінше, күнделікті тәртіп кешке мазасыздық деңгейін төмендетуге көмектеседі. Оның пікірінше, демалыс күндері де бір уақытта жатып, үйреншікті уақытта ояну керек. Сонымен қатар, сау ересек адам үшін ұйқының ұзақтығы жеті-сегіз сағаттан аспауы қажет.
Ол ұйқыға кетер алдында физикалық түрде баяулау өте маңызды екенін айтты, өйткені "ағза түн екенін түсінуі қажет". Маман ұйқыдан жарты сағат бұрын жарықты сөндіріп, теледидар көрмей, гаджеттерді "мазаламаңыз" режиміне қоюды әдетке айналдыруды ұсынды.
Сондай-ақ, ұйықтар алдында жаңалықтар оқымаған дұрыс, өйткені бұл адамның психологиялық жағдайына әсер етуі мүмкін.
"Қазір адамдар жаңалықтарды көп оқиды, соған алаңдайды, үнемі мазасыздық сезімі пайда болады. Ақпаратты сүзгіден өткізу керек", - деп түсіндірді Ларье.
Маман бұл әдістер көмектеспесе, ұйықтатын дәріні өздігінен ішуге болмайтынын ескертті. Оларды тек дәрігердің нұсқауы бойынша пайдалану керек.