- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- денсаулық
Ұйықтар алдында мандарин жеуге бола ма?
Мандаринде аскорбин қышқылы көп. Ол - B, P, K, D дәрумендеріне бай. Мандарин шырынында минералдар, кальций, магний және калий болады. Оған қоса, мандарин - күшті антидепрессант. Оның иісі де, түсі де Жаңа жыл мерекесін еске салады. Сондықтан ол көңіл күйді де арттырады. Алайда оны ұйықтар алдында жеуге бола ма? Толығырақ Massaget.kz материалында.
Диетологтар ұйықтар алдында мандарин жеуге кеңес бермейді. Әсіресе артық салмақтан арылғысы келетіндер бұл ережені сақтағаны жөн. Себебі түнде зат алмасу баяулайды. Сондықтан жемістердің өзі толықтай қорытылмайды, сол үшін түнде іш кебу немесе басқа да жағымсыздық туындауы мүмкін.
Кез келген тамақты ұйықтауға екі-үш сағат қалғанда жеген дұрыс. Егер дәл ұйықтар алдында немесе ұйықтауға аз уақыт қалғанда бірдеңе жесеңіз, асқазанда жағымсыздық пен ұйқысыздық, ал жиі қайталанса, тәуліктік глюкоза деңгейіне әсер етуі мүмкін.
Сондай-ақ кей аурулары бар адамдарға ұйықтарда мандарин жеуге болмайды. Мысалы, қант диабеті кезінде рационға мандарин қосуға болады, бірақ оның мөлшерін шектеу қажет: күніне екі-үш мандарин жеткілікті. Диабет кезінде жемістердің мөлшерін азайту және оны түнде емес, күндіз жеу ұсынылады. Себебі ұйықтар алдында көмірсулар жеу қант диабеті бар адамдардың таңертең қандағы қант мөлшерінің көтеріліп кетуіне әкеледі.
Тағы бір ескеретін жайт - жемістерді басқа өнімдермен араластырмай, тек өзін жеу керек. Жемістерді таңғы немесе түскі астан кейін 1,5-2 сағаттан соң жеген дұрыс.
Оқи отырыңыз: Қантты көп жейтін адамдар қант диабетіне шалдыға ма?
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
А. Жапатова