Апат куәгерлері жүргізуші көлікте ұйықтап кетіп, басқа көлікпен соқтығысқанын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Әлеуметтік желілерде Шаляпин мен Саин көшелерінің қиылысында болған апат салдарының видеосы жарияланды. Жол талғамайтын көлік арыққа кіріп кеткен, ал екінші көлік қатты зақымдалған. Авторлар апат таңғы сағат 5:00-де болғанын және жүргізушілердің бірі көлік жүргізу кезінде ұйықтап кеткенін айтты.
Алматы полициясы бұл ЖКО Chevrolet cobalt және Toyota Land Cruiser маркалы автокөліктерінің қатысуымен Әуезов ауданында орын алғанын хабарлады.
"Апат салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ. ЖКО мән-жайларын тергеуге Әуезов ауданының полиция бөлімінің қызметкерлері кірісті", - деп хабарлады ПД баспасөз қызметі.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!