Кей адамдардың ұйықтап жатып сөйлейтінін байқаған боларсыз. Ол қауіпті ме? Бұл сұраққа "Аif.ru"-ге сомнолог Алексей Мелехин жауап берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ұйықтап жатып сөйлеуді сомнелоквия деп те атайды. Біреулер ұйықтап жатып анық сөздер айтады, басқалар түсініксіз сөйлейді. Сондай-ақ ұйықтап жатып ыңырситын адамдар да бар.
Егер адам түсінде жыласа, көмекке шақырып жатса, онда мұны моторлы дауысты сүйемелдеу деуге болады, яғни сөйлеу арқылы түсті сүйемелдейді. Бұл әдетте мұндай түсті адамның жүйке жүйесі немесе психикасы көтере алмаса, осылай болады. Нәтижесінде, түс қандай да бір қозғалыстармен ғана емес, сондай-ақ дауыспен бірге жүреді.
Бұл нені білдіруі мүмкін?
Адам бірнеше себеппен ұйықтап жатып сөйлеуі мүмкін. Мысалы, ол зақым алғаннан кейінгі күйзеліс фонында түнде сөйлеуі мүмкін. Сондай-ақ әдетте эмоционалды тұрғыда шаршаған адамдар түнде сөйлейді. Сонымен қатар эмоцияға берілген және уайымға салынған адамдар ұйықтап жатып сөйлейді.
Үнемі бәрін мінсіз еткісі келетін, барлығын кемеліне жеткізуге ұмтылатын клиникалық перфекционизмі, обессивті-компульсивті бұзылысы бар адамдар да түнде сөйлейді. Себебі олардың жүйке жүйесі қатаң стандарттар үшін үнемі "жинақы болу" режимінде болады.
Әдетте адамдар ұйықтап жатып сөйлегенін білмейді. Оларға бұл жайлы жиі жақындары айтады.
Бұл қауіпті ме?
Ұйықтап жатып сөйлеу қауіпті емес. Ол сіздің психикалық саулығыңызда не болып жатқанын көрсетеді. Қандай кезеңдерде түнде сөйлейтініңізді түсінуге тырысып, бақылаңыз. Өмірдің қандай сәттері мұндай әсерге алып келді? Сондай-ақ бұлай сөйлеу ұйқыңызға қалай әсер ететінін бағалаңыз. Осылай сөйлеген күндері ұйқыңыз қана ма және жылайсыз ба? Егер ұйқы сапасына еш әсер етпесе, уайымдамаңыз. Ал сөйлегеннен ұйқыңыз қанбайтынын байқасаңыз, дәрігер кеңесін алған жөн.
Кейде ұйықтап жатып сөйлеу түс көруді алмастыруы мүмкін. Яғни адам түсінде суреттер көрмесе, ол сөйлеумен алмасады.
Оқи отырыңыз: Ұйықтап жатқан адам қорылдан қайтыс болуы мүмкін бе?