- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Ұйықтап жатқан кезінде...
"Ұйықтап жатқан кезінде қайтыс болды" - Роза Рымбаева күйеуі Тасқын Оқаповтың қазасы туралы
Роза Рымбаева күйеуі Тасқын Оқаповтың қазасы туралы айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл туралы әнші журналист Динара Сәтжанға берген сұхбатында айтты.
"Әлиді 33 жасымда босандым. 9 жылдан кейін Мәди өмірге келді. Күйеуім ұйықтап жатқан кезінде қайтыс болған. Ұйқыдан оянған кезде ол сұп-суық болып жатты. Мен үшін әрине күтпеген жағдай болды. Бұған дейін бірнеше рет микроинсульт алған. Оған мән бермей, дәрігерлерге бармай жүрді. Ұйқыда жатқан кезінде соңғы инфаркт болған", - дейді Роза Рымбаева.
Роза Рымбаеваның сөзінше, ол күйеуінен екінші ұлы алты айлық кезінде айырылып қалған.
"Бірнеше рет ауруханаға түсіп қалдым. Балам түсіп қалуы қаупі болды. Бірақ мен Әлиді және ішімдегі баланы ойладым. Содан бері балаларым үшін қолымнан келгеннің бәрін жасап, жұмыс істеп жүрмін", - дейді әнші.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
С. Сатыбалдина