Әнші, композитор әйелінің сырқаты бар екенін және қазір ем-дом қабылдап жүргенін айтты. Бұл туралы өнер иесі Менің өмірім бағдарламасында әңгімеледі, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Өнерпаз жары ауырып қалса қатты уайымға түсіп кететінін айтты.
"Депрессияға түсіп кеткенім де сол... Ол менің сүйіп қосылған жарым, шын мәнінде келіншегімді жақсы көремін. Отбасы, бала-шағалы, немерелі болған соң, алаңдайтыным бар. Балаларымның анасы. Кей кезде ауырып қалады. Кішкене қараймыз. Уайымдаймыз. Сол кісі ауырмаса, мен көңілді жүре беремін. Ол кісі ауырып қалса, мен де кетемін тұңғиыққа. Қазір Аллаға шүкір, жақсы. Арасында ауырып қалатыны бар енді. Бірақ енді күресіп жатырмыз. Сынақты көтере алатын адамға береді ғой... Көтеріп жүрміз енді. Қазір ұйықтамағаныма 40 күн болды. Жолда жүремін. Ешкімнің көңілін қалдыра алмаймын. Жан-жаққа шақырады, баруым керек. Қазір бір жағынан ақшаны тек тойдан табамыз", - деді әнші.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!