АҚШ-та жаттығып жүрген қазақстандық боксшы Айдын Елжанов (6-1, 4 КО) залдан видео жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Vesti.kz-ке сілтеме жасап.
Айдын бапкерге тозығы жеткен қолғаптарын көрсеткен, маман олардың күйін көріп, таңырқап күліп жіберген.
"Досым, үйсіздердің қолғаптары мынадан жақсы ғой", - деді ол.
Боксшыны өзі болса әзілдеп, "Меніңше, жап-жақсы қолғаптар. Қазақстанда бұдан да жаманымен жаттығатынбыз, спарринг те өткіздік сонымен, оның қасында бұлар жап-жаңа" деді.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!