- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Үйінің шатырына жасырған:...
Үйінің шатырына жасырған: Жетісу облысында құны 1 млрд теңге болатын ақбөкен мүйізі табылды
Жетісу облысында ақбөкен мүйізін заңсыз сақтап, мемлекетке 1 миллиард 284 816 000 теңге шығын келтірген күдікті ұсталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
6 маусымда Жетісу облысы бойынша ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес Шекара қызметі мен ҰҚК департаменті қызметкерлерімен бірлесіп, өсімдіктер мен жануарлардың сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген түрлерінің бөліктері, дериваттарымен заңсыз айналысқан күдіктіні ұстады.
"Жедел іздестіру іс-шаралары барысында Панфилов ауданының аумағында 39 жастағы ер адам ұсталды. Тінту кезінде үйдің шатырынан скочтпен оралған 7 картон қорап табылды. Бұл қораптардың ішінде 464 дана ақбөкен мүйізі болған", – деді ПД бастығының орынбасары Елдар Абдикенов.
Табылған мүйіздерге сот-биологиялық сараптама тағайындалды. Келтірілген зиянның шығыны - 1 млрд 284 816 000 теңге.
Соталды тергеу жалғасып, істің барлық мән-жайы мұқият зерттеліп жатыр.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
Ж. Қадыржанова