- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Үйінің ауласынан цех...
Үйінің ауласынан цех ашқан. БҚО тұрғыны ерекше кәсіппен айналысады
Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданында жергілікті тұрғын сабын өндірісімен айналысып отыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Хабар24" телеарнасына сілтеме жасап.
Қуаныш Гаднан шағын цех ашқан. Ол өз қаражатын салып, арнайы құрылға сатып алған. Құрылғы сағатына 200 данаға дейін өнім шығарады. Ол шикізатқа шетелге тапсырыс береді.
"Мысалы, екі-үш күнде жарты тонна шикізат жұмсалды. Одан екі мыңнан аса сабын жасалды. Сабынның екі мөлшерін жасаймын, 200 және 250 грамм. Екінші партия кеше ғана жеткізілді. Қазір жалғыз жұмыс істеймін. Бірақ болашақта ауыл тұрғындары үшін жаңа жұмыс орындарын ашуды жоспарлап отырмын", - деді кәсіпкер.
Ауыл тұрғыны өз өнімдерін жергілікті дүкендерге сатады. Тауар қазірдің өзінде сұранысқа ие.
"Сабынның сапасы жаман емес. Оны үнемі аламын. Өндірушіге келетін болсақ, оны жеке білемін. Өз ісіне жауапты әрі мұқият", - деді ауыл тұрғыны Талғат Шайдуллин.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова