Мектепке электрон темекі әкелген балалар ата-аналарынан қорқып үйлеріне бармаған. Олардан электрон темекіні мұғалімдер тауып алған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
3 сәуірде сағат 21:40 шамасындв №2 қалалық полиция бөлімінің кезекші бөліміне 6-сынып оқушыларының ата-аналары арызданған. Олардың айтуынша, мектептен кейін балалар үйге оралмаған.
Мұғалімдер балалардың мектепке электрон темекі әкелгенін білген, ал балалар ата-аналарының жазасынан қорқып, үйлеріне бармаған.
Дереу іздеу топтары Zello-Poisk командасының еріктілерімен бірге жоғалған балаларды іздеуге кірісті.
Бес сағаттан кейін балаларды орталық базар аймағында ювеналды полиция қызметкерлері тауып, ата-аналарына тапсырды.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!