- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Үйін сатып, фильм...
Үйін сатып, фильм түсірген Жахан Отарғалиев қандай табыс тапқанын айтты
Актер, әзілқой Жахан Отарғалиев үйін сатып, фильм түсіргенін айтты. Сондай-ақ, ол кинодан қанша табыс тапқанын әңгімеледі. Бұл туралы актер Динара Сәтжанға берген сұхбатында айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Актердің сөзінше, кино түсіру үшін таныстарынан қарыз алған.
"Үйді саттым. Үйді сатарда Балжан екеуміз ақылдастық. Балжан келісті. Өйткені бізде басқа таңдау болған жоқ. Ақша керек болды. Өйткені түсірілімді бастап қойдым. Төрт күн қалған кезде продюсер шақырып, "Жахан, істегім келмейді. Сенің қолыңнан келмейді деп ойлаймын. Ертең кинопарк киноңды алмауы мүмкін. Карантин басталуы мүмкін деп жатыр" деп, бес-алты сылтаумен бас тартты. "Жақсы" дедім. "Бірақ сіздің қолыңызда емес. Бәрі Алланың қолында. Олай айтпаңыз. Бұл киноны бәрібір түсіремін" дедім. Үйге келіп, Балжанмен ақылдасқан кезде "онда сатайық" деді. Анам "сатсаң сат" деді. Үйді сатуға шығарып қойдым. Неге бәрі "сатпай қалған шығар" деп жатыр? Өйткені кино шығайын деп жатқанда ғана үй өтті. Оған дейін қарызға ақша алдым. "Үй өтеді, қайтарып беремін" дедім. Үй өтіп болмады. 60 миллионға саттым", - деді ол.
Бағдарлама жүргізушісі Динара Сәтжан фильмнен түскен табыс 850 миллион болғанын айтты.
"Иә, Аллаға шүкір. Киноға 550 мың адам келді", - деді ол.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова