“Үйін сағынып, кетіп қалған“. Іздеуде жүрген мерзімді қызметтегі сарбаз ұсталды

“Үйін сағынып, кетіп қалған“. Іздеуде жүрген мерзімді қызметтегі сарбаз ұсталды
Фото: instagram.com/military_police_kz

Әскери полиция Өскемен гарнизонындағы әскери бөлімдердің бірінен өз бетімен кетіп қалған мерзімді қызметтегі қатардағы жауынгерді ұстады. Сарбаз облыс орталығынан 20 шақырым жерде ұсталған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі мәліметінше, қазір әскери қызметші әскери полиция бөліміне жеткізілген. Оның өмірі мен денсаулығына қауіп төніп тұрған жоқ.

"Бұл дерек бойынша тексеріс жүргізіліп, оқиғаның себептері мен мән-жайы анықталып жатыр. Алдын ала ақпарат бойынша қызмет орнын өз бетімен тастап кетуге үйін сағынуы себеп болған", - деп жазылған хабарламада.

Сондай-ақ, тексеріс барысында әскери қызметші командирлер мен әріптестері жарғыдан тыс қарым-қатынас жасамағанын, лауазымдық өкілеттігін асыра пайдаланбағанын мәлімдеген.

Айта кетейік, 23 шілдеде сағат 06:30 шамасында 2004 жылы туған қатардағы жауынгер Мархан Айқын Ерланұлы қызмет орнын өз бетімен тастап кеткен. Әскери қызметші зымыран-артиллерия қару-жарақ қоймасының кезекшісі міндетін атқарған.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от ӘСКЕРИ ПОЛИЦИЯ (@military_police_kz)

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget