- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Үйімізде көп ақша...
Үйімізде көп ақша сақтауға болмайды. Мемлекет қандай сома үшін жазалайтыны анықталды
Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолма-қол ақшаны декларацияда көрсету талабын түсіндірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Жалпыға бірдей декларациялаудың екінші кезеңінде 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны (250.00-форма) квазимемлекеттік сектордың, мемлекеттік мекемелердің қызметкерлері және олардың жұбайлары тапсыруға тиіс.
"Активтер мен міндеттемелер туралы декларацияда айлық есептік көрсеткіш (АЕК) мөлшерінің 10 000 еселенген мөлшерінен аспайтын қолма-қол ақша көрсетілуі тиіс. Бұл ретте, заңнамада 10 000 АЕК-тен аса қолма-қол ақшаны сақтауға тыйым салынбаған. Осыған байланысты, жеке тұлғалар ақшаны қолма-қол немесе басқа жолмен сақтау мәселелерін, сондай-ақ, олардың сомасын өздері шешуге құқылы", - делінген хабарламада.
2023 жылдан бастап АЕК 3450 теңге болады. Сондықтан қазақстандықтар үйлерінде 34,5 миллион теңгеге дейін қолма-қол ақша сақтай алады.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Бөлек