"Үйленуге ықыласым жоқ". Қуаңшылық кезде Батысқа шөп жіберген Құрмет Талапқазы жеке өмірі жайлы айтты

"Үйленуге ықыласым жоқ". Қуаңшылық кезде Батысқа шөп жіберген Құрмет Талапқазы жеке өмірі жайлы айтты
Фото: әлеуметтік желі

Қазақстанның қуаңшылықтан зардап шеккен өңірлеріне қол жинап, шөп жіберген Құрмет Талапқазы "Assyltas TV" каналына берген сұхбатында жеке өмірі жайлы айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Құрмет Талапқазы жеке өмірі жайлы айтты.

"Үйленбедім. Қазір шыны керек, махаббаттың аты "салтанат" болып өзгеріп кетті ғой. Ұнатқан қызымды күтіп, лақтырды. Қазір үйленуге ықыласым жоқ", - дейді ол.

Қоғам белсендісі махаббаттан көңілі қалғанын жасырмады.

"Үйленуге асығыстық жоқ. Қазір біраз жігіттің махаббаттан көңілі қалған шығар. "Қара суға семірген қазақпыз", "қанағат қарын тойдырады" дейді. Дегенмен де бәрі сол көлік болса, үй болса дейді. Көп жастардың, қаншама жігіттердің  көңілі қалып жатыр. Сөйлесіп жүрген бір қыз бар. Бұйырғанын көреміз", - деді Құрмет Талапқазы.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

А. Жапатова