- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Үйлену тойында қалыңдығын...
Үйлену тойында қалыңдығын ұрды: Желіде қызу талқыланған видеоның мән-жайы айтылды
Өзбекстанда күйеу жігіт үйлену тойында конкурстан жеңіліп қалып, қалыңдығын ұрып-соқты. Оқиғаның видеосы әлеуметтік желілерде кеңінен тарап жатыр, - деп хабарлайды Gazeta.uz.
Өзбекстанның отбасы және әйелдер мемлекеттік комитетінің мәліметінше, оқиға 6 маусымда Сурхандария облысының Ұзын ауданындағы Толтугай махалласында Р.Х. (1997 жылы туған) мен А. Д. (2003) үйлену тойында болған. Той күйеу жігіттің үйінде өткен. Тойда тәттілерге байланысты байқау болған, оның мақсаты - кәмпиттерді тез ашу. Конкурсты қалыңдық жеңеді, кейін жұбайы оны басынан ұрып салады.
Сузун ауданының ішкі істер басқармасы оқиғаны зерттеп, күйеу жігіт және қалыңдықпен, сонымен қатар, олардың ата-аналарымен "профилактикалық әңгіме" өткізді.
"Азамат Р.Х. іс-әрекеттерінде қылмыс белгілері табылып, оның құжаттары Ұзын аудандық қылмыстық істер жөніндегі сотқа жіберілді", - делінген комитет хабарламасында.
Басылым мәліметінше, ер адамға қатысты әкімшілік жауапкершілік туралы кодекстің 183-бабы бойынша әкімшілік іс ашылған ("Ұсақ бұзақылық" 3-тен 5-ке дейін базалық есептік айыппұл салуға немесе 15 тәулікке дейін әкімшілік қамауға әкеп соғады).
М. Жәмішжанов