АҚШ-тың Аризона штатындағы Глендейл қаласында ер адам болашақ жарына шабуыл жасап, ауыр жарақаттаған. Әйел ауруханаға жеткізілді. Полиция мәліметінше, оның 11 жастағы қызы жатын бөлмеден шыққан айғай-шуды естіп, шұғыл көмек қызметіне хабарласқан. Оқиға орнына жеткен полицейлер есікті күшпен ашуға мәжбүр болған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Law&Crime басылымына сілтеме жасап.
Зардап шеккен Эмили Байлстың беті мен мойны жараланып, омыртқа артериясына зақым келген. Дәрігерлер оған ота жасаған. Оқиға жұптың жоспарланған үйлену тойына шамамен бір ай қалғанда болған.
Тергеу мәліметінше, күдікті Захари Веласкес әйелді қылғындырып, ұрғанын мойындаған. Алайда ол мұны өзін қорғау үшін жасағанын айтқан.
Ал Эмили Байлс ер адамның өзіне және қыздарына қоқан-лоқы көрсеткенін мәлімдеді.
Күдіктіге қауіпті затпен шабуыл жасау және басқа да құқық бұзушылықтар бойынша айып тағылды.
Қазір полиция оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр. Захари Веласкес өзіне тағылған айыптар бойынша сот алдында жауап береді.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!