- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Үйлену тойы кезінде...
Үйлену тойы кезінде өрт шыққан: Желіде жантүршігерлік видеолар пайда болды
Ирактың солтүстігіндегі Найнава провинциясындағы үйлену тойында бірнеше адам қаза тауып, зардап шекті. Желіде жантүршілердік видеолар пайда болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Лен 24 YouTube-арнасының мәліметінше, қауіпсіздік ережелері сақталмаған жабық жерде отшашу қолдану салдарынан өрт шыққын. Отшашудан кейін жалын мата ілінген люстраға кеткен. Нәтижесінде бірер секундтың ішінде тойхана өртке оранған.
Жантүршігерлік кадрларды оператор түсіріп үлгерген. Видеода жас жұп билеп жатқаны, артынша өрт шығып, қонақтар тойханадан жүгіріп шыққаны көрінеді. Кейін күйеу жігіт пен қалыңдық өрттен қаза тапты деген ақпарат тарады. Алайда олар асүйдегі терезе арқылы шығып үлгерген.
Күйеу жігіті бірнеше жерлеу рәсіміне қатысқан. Ол бұл жантүршігерлік өртте күйеу жігіттің анасы, достары мен туыстары, ал қалыңдықтың 3 ағасы, көкелері, кішкентай інілері мен сіңлілері қаза тапқан.
Тойда 1000 адам болған, өрт кезінде қаза тапқандар саны 120-ға жетіп, 200-ден аса адам зардап шеккен.
Еске салайық, бұған дейін Ирактағы үйлену тойында бірнеше адам қаза тауып, зардап шеккені туралы хабарланған еді. Бұл туралы Қызыл жарты ай ұйымы мәлімдеген.
"Мосулдың шығысындағы Хамдания округіндегі той залында өрт салдарынан қаза тапқандар мен зардап шеккендердің саны 450-ден асты", - делінген Қызыл жарты ай хабарламасында.
Тағы да оқи отырыңыздар: От жағу қалай пайда болды? Оның маңызы туралы не айтасыңдар?
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Бөлек