Үйлену тойы кезінде өрт шыққан: 100-ден аса адам қаза тапты

Үйлену тойы кезінде өрт шыққан: 100-ден аса адам қаза тапты
Фото: alarabiya.net

Ирактың солтүстігіндегі Найнава провинциясындағы үйлену тойында бірнеше адам қаза тауып, зардап шекті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі РИА Новости басылымына сілтеме жасап.

Бұл туралы Қызыл жарты ай ұйымы мәлімдеген. 

"Мосулдың шығысындағы Хамдания округіндегі той залында өрт салдарынан қаза тапқандар мен зардап шеккендердің саны 450-ден асты", - делінген Қызыл жарты ай хабарламасында.

Al Arabiya телеарнасы Мосул қаласының шығысындағы той залдарының біріндегі өрт кезінде қаза тапқандар саны 120-ға жетіп, 200-ден аса адам зардап шеккені туралы мәліметтер келтірген.

Ирак бұқаралық ақпарат құралдары мәліметінше, полицейлер оқиғаның себебіне қатысты қауіпсіздік ережелері сақталмаған жабық жерде отшашу қолдану салдарынан өрт шықты деген болжам жасаған.

Тағы да оқи отырыңыздар: От жағу қалай пайда болды? Оның маңызы туралы не айтасыңдар?

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Ж. Қадыржанова