Үйлену тойда ән айтқан күйеу жігіт пен қалыңдық ерекше дауысымен жұртты таңғалдырды

Желіде үйлену тойда ән айтқан күйеу жігіт пен қалыңдықтың видеосы тарады. Видео Медина есімді арудың Tiktok-парақшасында жарияланды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Парақша иесі видеодағы қайын інісі пен келіні екенін жазған. 

"Он саусағынан өнер тамған аппақ келінім мен қайын інім", - деп жазған ол.

@medinok_b

Он саусағынан өнер тамған аппақ келінім мен қайынінім😍

♬ оригинальный звук - Медина

Желі қолданушылары күйеу жігіт пен қалыңдықтың ерекше қоңыр дауысына тәнті болып, түрлі пікір қалдырған.

"Дарын бар, таныс жоқ", "Қыздың дауысы әннің түпнұсқасына ұқсайды", "Қандай әдемі", "Қыздың дауысы енді керемет", "Нәзік, қылықты қыз сияқты өзі", "Дауыстары қандай керемет", "Неткен өнерлі жұп", "Қалыңдық кәсіпқой әнші секілді", - деп жазған олар. 

Тағы да оқи отырыңыздар: Апта сайын моншаға баруға бола ма?

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!