Танымал актер Жахан Отарғалиев әлеуметтік желіде "неге үйленбей жүрсіз?" деген сұраққа жауап берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Жахан Отарғалиев әлеуметтік желідегі "Не туралы ойланып отырсыз?" деген сұраққа "Үйлену керек еді" деп жауап берді. "Алдында бір қыз бар деп, соған үйленейін деп жатыр едіңіз ғой" дегеніне "Ол қыз мәхрге "Джет" сұрайды да, ал менікі жетпейді",- деп әзілдеді Жахан Отарғалиев.
Видеоның соңында Жаханның "Әй, Дамеля" деп күлгенін байқауға болады.
Айта кетейік, бұған дейін блогер Дамеля Sweet мәхрге "Джет" сұрайтынын айтып, жұртты таңғалдырған еді.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!