- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Үйленген клиенттер ақша...
"Үйленген клиенттер ақша жинап келеді". Қазақстандық әйел секс-индустрияға қалай келгенін айтты
Кеше Kyzdar.Net сайтының топ-менеджерлері мен олардың көмекшілерін ұсталғаны белгілі болды. Біз онлайн танысу және одан кейін интим қызметтерді көрсету тақырыбын жалғастыруды шештік.
Әсел 36-да, 16 жыл бойы секс қызметімен айналысады. Tengrinews.kz тілшісіне берген сұхбатында ол осы салада не өзгергенін және бұл саладан неге кете алмайтынын айтып берді. Айта кетейік, материал VIP эскорт туралы емес. Бұл қыздар арнайы жабық топтарға тіркелген, олардың шарттары, критерийлері мен табыстары әртүрлі.
"Маған бұл былық екенін ескертті: мұнда кіру оңай, бірақ бұл жерден шығу екіталай"
Әсел мегаполиске ауылдан келген. Алғашында қыз туысқанының үйінде тұрған, бірақ бір сәтте әйел қызды қонақ қылудан шаршап, оған ашықтан-ашық "не басқалар сияқты жұмыс істейсің, не секс индустриясына барасың" деген.
"Ол кезде менің құжатым, тіркеуім, білімім жоқ еді. Жұмыс таба алмай, осы жаққа кеттім. Маған о бастан бұл "былық" екенін ескертті: бұл жерге кіру оңай, бірақ шығу екіталай. Сол кезде бәріне дайын екенімді айттым. Міне, қаншама жылдан бері бұл былықтан шыға алмай жүрмін", - дейді Әсел.
Фото: elements.envato.com
Әсел осы жыл аралығында бұл саладан кетуге бірнеше рет әрекеттенген. Ол ыдыс жуушы, тазалаушы, күтуші болып жұмыс істеген, бірақ оның айтуынша, материалдық жағынан қиын болып, қыз жыныстық қызмет саласына орала берген.
Әселдің жеке өмірінде де өзгерістер болды. Ол тұрмысқа шығып, бала туған, кейін жыныстық қызмет көрсету саласын уақытша тастап кеткен. Алайда ұзаққа созылмай, күйеуімен ажырасып, бұл салаға оралған.
Қазіргі күйеуі оның клиенті болған. Қазір не істеп жатқанын тек күйеуі біледі. Ол бастапқыда қарсы болғанымен, қаржы мәселесі маңызды болған соң келісімін берген.
"Жақындарыммен араласып тұрамын. Алғашында мені осы салада жұмыс істеп жүр деп ойлаған. Кейін тұрмысқа шыққан соң, сұрақтары сейілді.
Жалпы, қыздар жұмыс істейтін жерін отбасынан жасыруға тырысады. Бірақ кейбір қыздардың аналары біледі. Қыздар сол аналарын асырау үшін осылай істеуге мәжбүр", - дейді ол.
Фото: elements.envato.com
Қазір Әсел клиенттерін сайттан табады. Ал бұрын бәрі газеттен басталған.
"Дәулетті ерлердің демалысы", "Массаж" айдарына хабарландырулар бердім. Сол жылдары секс-жұмыскерлерді де газет арқылы алынатын. Олар "Жалақысы жоғары жұмысқа қыздар іздейміз" деп хабарландыру беретін", - дейді ол.
Алғашында қыз сутенерлермен жұмыс істеген. Ол сондай бір шақыртуларда клиенттер мойнына пышақ тақап, өлтіреміз деп қорқытқанын есіне алады.
Қыздың айтуынша, олар психолог болуы керек. Қыздар телефон арқылы клиенттің даусынан-ақ қандай екені, не қалайтынын бірден біледі.
"Қазір сутенерлердің заманы емес, өйткені интернет бар. Қыздар пәтер жалдап тұрады, сайтқа бағасын, салмағын, бойын, жасын көрсетіп хабарландыру жібереді. Ешқандай бастық пен пәтер де қажет емес, өйткені бұзақылар дәурені аяқталды. Шын мәнінде, бізді ешкімнен қорғап қажет емес.
Мен өзім ешқашан панельде, трассада немесе "белгілі бір жерде" тұрған емеспін. Мен әрқашан пәтерде жұмыс істеймін. Ал қазір бәрі әлдеқайда жеңіл болды. Маған жарнама үшін Instagram керек емес, сайт жеткілікті. Біздің уақытта трассада тұру - ең сорақы нәрсе, ол 90-жылдары қалды. Менің таныстарымның арасында қазір бұлай жұмыс істейтін әйелдер жоқ", - дейді Әсел.
"Отбасы, үш-төрт баласы бар ер адамдар да келеді. Олар ақша жинап, бізге келеді"
Әселдің айтуынша, клиенттердің жасы да мәртебесі де әртүрлі.
"Махаббат жасқа қарамайды. Жастар да, зейнеткерлер де, орта жастағылар да келеді. Бұл - тек отбасында қанағаттана алмайтын ер адамдардың қажеттілігі. Отбасы, үш-төрт баласы бар ер адамдар да келеді. Олар ақша жинап, бізге келеді", - дейді ол.
Әселдің айтуынша, жұмыс кестесін өзі жасайды. Қазір ол 2 күн жұмыс істеп, 2 күн демалады. Айлық табысы 300-400 мыңнан асады. Бұл салада қызмет ететіндер арасында магистратура бітірген, ауқатты отбасында өскендер де бар.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Бөлек