- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Үйленбей-ақ қояйын ба,...
"Үйленбей-ақ қояйын ба, белгі ме екен деп қалдым". Әнші Қанай отбасын құрар алдында болған жайтты айтты
Танымал әнші Қанай жұбайымен үйленер алдында болған қызық жағдайды айтты. Бұл туралы өнер иесі "OZMZғой" бағдарламасында әңгімеледі, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Өнер иесінің сөзінше, қалыңдығына алған сақина сыймай қалған кезде ойланып қалған.
"Бірінші кездесу Меккеде болды, екіншісі Медина қаласында болды, үшіншісі екі айдан кейін Алматыда кездестім де сақинасын салып жатқан кезде қолында тұрып қалды. Жаман ұялып қалдым. Бір жағынан мына қыз қалай болады екен, сақинасы сыймай қалды, үйленбей-ақ қояйын ба, белгі ме екен деп қалдым. Лайықты емес пе екен маған, белгі ме екен деп ойланып қалдым. Содан кейін қатты көңіл-күйім түсіп кетті. Ойланып отырдым. Шайтан Пайғамбардың с.а.с. үмбеті көп болғанын қаламайды дейді. Меккеде кездескен жұпты шайтан азғырып, қосқысы келмей жатыр ма деп ойланып қалдым да, соңына дейін бардым. Сөйтіп, сақинасын салып, "Жетісайға хабар жеткіз" дедім. Тәтті шай жасап, танысып, үш айдан кейін үйлендік", - дейді әнші.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова