Әр адамға күнделікті ұйқы қажет. Сонымен қатар, ол белгілі бір уақытқа созылуы керек. Бұл уақытта дене толық демалып, ресурстарды қалпына келтіреді. Бірақ үнемі ұйқы қанбауы қандай да бір мәселе бар екенін білдіруі мүмкін бе? Бұл сұраққа невролог Николай Державин жауап берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі doctorpiter.ru-ға сілтеме жасап.
Адам жеткілікті ұйықтамайтынын, түннен кейін демалмайтынын түсінсе, өзіне бірнеше сұрақ қоюы керек. Қанша сағат ұйықтайтынын анықтау қажет. Норма 6-8 сағат болады. Невролог Николай Державин ұйқы бұзылуына ықпал ететін бірқатар себепті атаған:
"Ұйқы кезінде жұмсақ таңдайдың салбырап кетуінен туындаған қорыл бәріне таныс. Бұл жағдайда себептерді іздеуді дәрігерімен кеңесуден бастау керек", - дейді невропатолог.
"Ауырсыну ұйқы кезінде ыңғайлы жатуға кедергі келтіруі мүмкін және салдарынан адам үнемі ояна береді", - деп түсіндіреді маман.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!