Ұйқының қанбауы қан қысымының жоғарылауына әкеп соқтыруы мүмкін. Бұл туралы дәрігер-терапевт, медицина ғылымдарының кандидаты Андрей Кондрахин айтты, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Москва 24-ке" сілтеме жасап.
Оның сөзінше, ұйқының қанбауына байланысты адам толық демала алмайды, сондықтан оның ағзасында кортизол пайда болады. Осыған байланысты ол күйзеліске ұшырауы мүмкін.
Сонымен қатар оның қан қысымы көтеріліп, гипертония дами бастайды, бұл инфаркт тудыруы мүмкін.
Маман сондай-ақ ұйқының қанбауының жағымсыз салдарына психоэмоционалды шамадан тыс жүктеме, невроз және созылмалы шаршау синдромын жатқызады.
Андрей Кондрахин мұның алдын алу үшін ұйқы режимін қалыпқа келтіруге кеңес берді.
"Әр адамның өз нормасы бар, бірақ жалпы алғанда кем дегенде сегіз сағат ұйықтау ұсынылады. Циркадты ырғақты түсірмеу үшін күн сайын бір уақытта жатып, ояну керек", – деді терапевт.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!