Ұйқының дұрыс қанбауы ерте өлімге әкелетіні рас па?

Ұйқының дұрыс қанбауы ерте өлімге әкелетіні рас па?
Фото: depositphotos.com

Ресейлік дәрігер-эндокринолог Диляра Лебедеваның айтуынша, үнемі ұйқының дұрыс қанбауы адам денсаулығына зиян келтіреді. Дәрігер ұйқының қажетті деңгейде болмауының ерте өлімге әкелетінін ескертті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі lenta.ru сайтына сілтеме жасап.

Лебедеваның айтуынша, ұйқы бұзылған кезде шырышты қабықтарды қорғайтын жасушалардың саны азаяды. Осыған байланысты иммундық жүйе бұзылып, бөгде микрофлора өсіп, эпителий жасушалары жойылады.

Бұл факторлар Leaky Gut синдромына әкелуі мүмкін. Сондай-ақ гепатит, 1 типті қант диабеті, ішек қатерлі ісігі, миома сияқты ауруларға әкелуі мүмкін дейді эндокринолог. Сонымен қатар ол ұйқының дұрыс болмауы депрессияны тудыруы мүмкін деп қосты.

Leaky Gut Syndrome ағылшыншадан "тесік ішек синдромы" деп аударылады. Бұл - медициналық термин емес, бірақ функционалдық медицинада қолданылатын концепция. Бұл синдром адамның ішек қабырғасының өтімділігі жоғарылап, сол арқылы қанға зиянды заттардың, бактериялардың және асқорыту өнімдерінің өтуімен сипатталады.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Д. Литпин