- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Ұйқыны жақсартады және...
"Ұйқыны жақсартады және ауырсынуды басады". Ғашықтық ағзаға қалай әсер етеді?
Фото:
pixabay.com
Ғалымдар махаббат адамның психологиялық және физиологиялық жағдайына қалай әсер ететінін анықтады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Daily Mail-ге сілтеме жасап.
Behavioral Sciences журналына жарияланған соңғы зерттеулердің бірі ғашық адамның миы шынайылықты қалай қабылдайтынын көрсетті. Ғалымдар 1556 адамға сауалнама жүргізіп, мынадай қорытындыға келді:
- Адам ғашық болған кезде оның миында ғашықтықты басқалардың бәрінен жоғары қоятын механизм іске қосылады. Бұл сұраққа эволюцияның қатысы бар, себебі ұрпақ қалдыру үшін өз серігіңе қамқор болуың және оның махаббатына ие болуың керек.
- Көпшілік сүйікті адамыңмен бірге ұйықтау мазасыз, бірақ сапасы жақсырақ екенін айтқан. Сүйікті адамыңмен бірге ұйықтау психологиялық жағдайға, есте сақтауға және проблемаларды шешу қабілетіне жағымды әсер ететіні анықталды.
"2020 жылғы Кристиан-Альбрехт атындағы Киль университетінде өткізілген зерттеуде төрт түн бойы бірге ұйықтаған жас жұптардың милары сканерленді. Физиология тұрғысынан ұйқы мазасыздау болғанымен, ми белсенділігі барынша төмен болды. Бұл жылдам ұйықтап кетуге мүмкіндік берді", - дейді ғалымдар.
- Жақын қарым-қатынастағы адамдарда пайдалы ішек микрофлорасы алуан түрлі болады. Бір рет сүйісудің өзі шамамен 80 миллион бактерия жұқтыруы мүмкін.
- Сүйікті адамыңызбен аз уақыт бірге болудың өзі С-реактивті ақуыз деңгейін азайтады, соның нәтижесінде диабет, жүрек ауруы және кей қатерлі ісік түрлері секілді қауіпті аурулар қаупі азаяды.
- Бір-біріңізбен сөйлеспесеңіз де, жақындаспасаңыз да, сүйікті адамыңыздың жай жаныңызда болуы ауырсынуды азайтады. Бұл эйфория сезімін тудыратын окситоцин гормонының бөлінуіне байланысты болуы мүмкін. Ол босаңсытады және күйзелісті азайтады.
- Окситоциннің бөлінуі ішек бұзылысы кезінде де көмектеседі. Мысалы, іш қату, іштің кебуі және жүрек айнуды кетіруі мүмкін. Окситоцин асқазан бұлшықеттерінің жиырылуын күшейтіп, оның дұрыс жұмыс істеуіне ықпал етеді.
- Махаббат дофаминнің бөлінуін ынталандырады. Ол ағзаның көптеген қызметтеріне әсер етеді, мысалы, есте сақтау мен көңіл күйді жақсартады.
Оқи отырыңыз: Сізге шын ғашық болуға кедергі келтіретін 5 нәрсе
А. Жапатова