- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- денсаулық туралы
“Ұйқыны бұзатын тағамдар“. Қандай өнімнен бас тартқан дұрыс?
Майлар, қанттар және ыстық дәмдеуіштерге бай тағамдар ұйқының сапасын нашарлатады және ұйықтауды қиындатады. Бұл туралы сомнолог маман Рози Дэвидсон Daily Mirror басылымына берген сұхбатында ескертті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Lenta.ru сайтына сілтеме жасап.
Сарапшы тамақтануды ұйқыға әсер ететін маңызды факторлардың бірі деп атады. Мысалы, теңдестірілген кешкі ас қандағы қант деңгейін тұрақтандырады. Бұл ағзаны түнде артық оятпайды. Ал кейбір тағамдар ыңғайсыздық пен ұйқының бұзылуын тудырады.
"Майлы немесе қуырылған тағамдар асқазаныңызды бұзады және ұйқыға кетуді қиындатады. Ал ұйықтар алдында тым көп қант немесе кофеин тұтыну - денеңізді шамадан тыс белсенділікке түсіреді, - деп түсіндірді Дэвидсон.
Сонымен қатар ол ұйықтар алдында ащы тағамдарды жемеуге кеңес берді. Оның айтуынша, олар дене температурасын жоғарылатып, тез ұйықтауды қиындатады.
Сарапшы ұйқыны жақсартуда киви, шие, бадам және күркетауық еті сияқты кейбір тағамдардың пайдасы көп екенін айтты. Дэвидсон мұны растайтын кейбір дәлелдер бар екенін атап өтті. Сонымен қатар оның пікірінше, белгілі бір өнімдерге назар аударып, қатып қалудың қажеті жоқ.
"Түптеп келгенде, ұйқыны жақсарту үшін дұрыс диетаға, сондай-ақ тұрақты ұйқы режиміне және стресті тиімді басқаруға назар аударсақ жеткілікті", - деп қорытындылады Дэвидсон.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
Д. Литпин