Аша Матай ән әлеміне қайта оралып, ұядан ұшқалы жатқан аруларға ән арнады. Алайда Желі қолданушылары бұл әнді сынап жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz.
"Жол мұраты - жету, қыз мұраты - кету" дейді. Ұядан ұшып, ұзатылайын деп жатқан қыздарымыз құтты орнына қонып, бақтары ашылсын! Әдемі видеоны қабыл алыңыз", - деп жазды Аша Матай Instagram-парақшасында.
Желіде пікір білдіргендердің көбі оған актриса, тележүргізуші болғаны дұрыс екенін жазған:
Аша, саған тележүргізуші болып жүре берген дұрыс-ау.
Әркім өз жұмысымен айналысса ғой.
Сәтсіз шыққан ән екен, сіздің даусыңызға келмейді... Ұнамады орындау да, ән де... Авторға алтын сырға...
Жарты сөзін түсінбедім.
Дауысың жуан естіліп тұр. Сөз анық емес пе? Білмедім маған ұнамады. Қалғандарға ұнайтын шығар. Сәттілік!
Ұйқым келмейдінің сортынан болып тұр ғой.
Ұйқым келмейдінің кері ғой.
Ерінбегеннің бәрі қыз ұзатқыш әйтеуір. Даусы жуан, келмейді ғой.