Таяуда "Той думан" телеарнасының YouTube-арнасында Алина Шакиеваның "Ұйқым келмейді" атты әні шыққан еді. Бұл ән әлеуметтік желілерде қызу талқыға түскен болатын. Даулы туындының авторы Диана Исмайыл әнді өз нұсқасында орындады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұған дейін Алина Шакеева әннің сөзін жазған Рамазан Амантай, ал әнін жазған Диана Исмайылова екенін айтқан еді. Диана Исмайылова әнді "Хабар" телеарнасының Cover show музыкалық бағдарламасында орындаған.
Желі қолданушылары жағымды пікірлер жазған:
"Диана жүрекке жылы жеткізді, тәтті ұйқыға кетесің ғой, солай айтып шықты", "Ешнәрсесі жоқ, тамаша өлең, өзі сұлу, даусы да сұлу екен, бақыт тілеймін", "Бұл әннің әні де, сөзі де тәп-тәуір. Тек жеткізуші кәсіби әнші болмаған соң, Желіде күлкіге айналды", "Сөздерінің ұйқасы да керемет, кәсіби ақын жазғаны көрініп тұр, түсінген адамға! Басынан осы әнді Диана немесе Ерке Есмахан айтқанда, ән бұлай шу болмас еді...", "Керемет тамаша орындайды, Диана!" - дейді пікір білдіргендер.
Әншінің өнердегі әріптестері де бұл ән жаңа тынысқа ие болғанын айтқан.
"Сынау әрқашана оңай. Адамдар үнемі қызық нәрсеге қарай алмайды. ...Бір-бірінен қайталап сала береді ғой сынап. Одан да өздерің бірдеңе ойлап табыңдар. Диана Исмайылдың орындауында әннің шынайы идеясы ашылды", - деп жазды Айдана Меденова Желіде.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!