- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- “Ұйқым келмейді“. Дина...
“Ұйқым келмейді“. Дина Төлепберген халықтың жанайқайын жеткізді
Танымал тележүргізуші, журналист Дина Төлепберген әлеуметтік желіде министрлікке халықтың жанайқайын жеткізгісі келетін жазба жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Ұйқым келмейді. Уақытты қайтарыңдар. Менің күйімді кешіп, жайсыз жүргендер көп шығар. Жекеме келген хаттардың көбісінде сағатпен санаспай жатқандардың жанайқайы. Мендік ой, мендік ұсыныс - оң жағынан әсер берер", - деп жазды журналист желіде Қазақстанның сағат белдеуі ауысқанына наразылық танытып.
Еске салайық, Дина Төлепберген бұған дейін Президентке үндеу жасаған болатын.
"Менің уақыт жайлы жазбам үлкен қолдауға ие болды. Көп рақмет! Пікірге қарасам, елдің көбі жазғы уақыт сәйкестігімен келіспей жатыр, ал қысты күдікпен күтуде. Бұл әсіресе Шығыс Қазақстан тұрғындарын алаңдатады", - деген Дина Төлепберген шығыста күннің 03.21-де ататынын жазған.
Танымал журналист уақыт белдеуінен мүлдем бас тартып, батыс және шығыс уақыттарын бөлек жасау керегін айтады.
Осылайша, журналист Тоқаев пен ҚР Сауда және интеграция министрлігінің әлеуметтік желідегі парақшаларын белгілеп, үндеу жариялады.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
Д. Ибраева