11 шілдеде "Той думан" телеарнасының YouTube-арнасында Алина Шакиеваның "Ұйқым келмейді" атты әні шыққан еді. Ән әлеуметтік желілерде тез таралып, қызу талқыға түскен болатын. Дәстүрлі әнші Ерлан Рысқали осы әнді домбырамен орындады, - деп хабарлайды Massaget.kz.
"Ақ домбырамды қолға алып,
Ұйқым келмейді деп толғанып..." - деп жазды ол.
Видеоға түрлі пікір жазылған:
"Ана нұсқасын естімегендерге күшті өтіп жатқан сияқты", "Әп-әдемі ән екен ғой", "Ерлан аға, қайырлы кеш! Енді дұрыс болды. Мағынасын да енді түсіндім. Ұйқасы да енді табылған секілді", "Тәп-тәуір ән айтады екен деп күтіп отырсам", "Қадірі кетпесе екен төл өнеріміздің..." - деп жазды Желідегілер.
Еске салайық, бұған дейін Желіде белгісіз әншінің әні қызу талқыланып жатқаны хабарланған болатын. Кейінірек бұл жағдайға қатысты әншінің өзі де пікір білдірген еді. Сондай-ақ, ол "1001 түн" бағдарламасында қазақша әнді дұрыс айтуға уәде берген болатын.