Айқын Төлепберген Instagram-парақшасында Желіде қызу талқыланған Алина Шакиеваның "Ұйқым келмейді" атты әніне қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Massaget.kz.
11 шілдеде "Той думан" телеарнасының YouTube-арнасында Алина Шакиеваның "Ұйқым келмейді" атты әні шыққан еді. Ән әлеуметтік желілерде тез таралып, қызу талқыға түскен болатын.
"Оның басты қатесі - не істегенін түсінбегені. Өз қатесін түсіне алмайды. Ол онда сөз рифмасы жоғын, сөздің мағынасы жоғын түсінбеді. Ол TikTok-та немесе YouTube-те хайп жасаса, танымалдылық деп ойлады. Келесі жолы кәсіби мәтін жазатындарға беру керек", - деді ол.
Еске салайық, бұған дейін Желіде белгісіз әншінің әні қызу талқыланып жатқаны хабарланған болатын. Кейінірек бұл жағдайға қатысты әншінің өзі де пікір білдірген еді. Сондай-ақ, ол "1001 түн" бағдарламасында қазақша әнді дұрыс айтуға уәде берген болатын. Бұл әнді дәстүрлі әнші домбырамен де орындады.