Желіде қызу талқыға түскен ақын Рамазан Амантай мен сазгер Диана Исмайылдың "Ұйқым келмейді" атты әнін әзілдеп орындағандар залды жарды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Оқиға Рамазан Амантайдың кешінде болуы мүмкін. Сахнада Рамазанның өзі, Дидар Қамиев, Жандарбек Бұлғақов пен Сырым Әуезхан айтысады.
"Фри деп айттың, тағы да бірдеңе дедің,
Концертің өтіп жатқан соң үндемеп едім.
Хит ән деп жазып, жанды ғой жұлдызың анық,
Фаст-фудтың бәрін бөлмеңе кіргізіп алып.
Ұйқым келмейді, асқазан маза бермеді,
Ұйқым келмейді тоңазытқыштың жарығы өшпейді.
Ұйқым келмейді тамақты көрген кезде,
Ұйқым келмейді, әрине, ұйқым келмейді", - дейді Дидар Қамиев.
@tadonnaa @didarkamiyev ?? @bulgakov_555 @syrymauyezkhan @ramantay ♬ оригинальный звук - tadonnaa
Желі қолданушылары ақынның әзілін жақсы қабылдаған.
"Дидар мықты ғой", "Дидардың айтысы бөлек", "Сөз тапқанға қолқа жоқ", "Дидар жарып жатыр, үшеуі үш жаққа жөтеліп кетті ғой", - дейді оқырмандар.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!