- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Ұйқым келмейді". Әнді...
"Ұйқым келмейді". Әнді алғашында басқа адам орындауы керек болған
Желіде Алина Шакиева есімді әншінің "Ұйқым келмейді" әні қызу талқыға түскен болатын. Кейінірек ән авторлары Рамазан Амантай мен Диана Исмайылова екені белгілі болды. Бұл әнді Рамазан Амантай алғашында Дариға Бадықоваға жіберген. Бұл туралы актрисаның Instagram-парақшасында айтылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Рамазан Амантайдың сөзінше, ән екі жыл бұрын шыққан.
- Рамазан маған бір қызық жағдай айтып тұр. "Ұйқым келмейді" деген әнді жібергенмін" дейді.
- Екі жыл бұрын, шыққан кезде.
- Бірақ мен оны хит қыла алмайтын едім.
- Хит қылатын едіңіз, жай әнге мән берген жоқсыз, - дейді Рамазан Амантай және Дариға Бадықова видеода.
Еске салайық, бұған дейін әлеуметтік желілерде Алина Шакиева есімді әншінің "Той думан" арнасында жарық көрген әні қызу талқыланып жатқаны хабарланған болатын. Кейінірек әнші Желіде қызу талқыланған әнге қатысты пікір білдірген еді. Сондай-ақ, әннің авторы Диана Исмайыл өз нұсқасында орындады.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова