Дәрігер Себастьян Ла Роса ұйқыдан тым ерте де, тым кеш те оянбағаны дұрыс екенін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ABC басылымына сілтеме жасап.
"Таңғы 5-те тұрып, жүгіруге шығу міндетті емес. Бұл - ағзаға артық стресс. Сол сияқты, уақыт белдеуін ауыстыру (jet lag) сияқты жағдайлар немесе төтенше себептер болмаса, таңғы 10:30-да ояну да дұрыс емес", - деп түсіндірді Ла Роса.
Маман көпшілік үшін ең қолайлы ояну уақыты таңғы 6:45 пен 7:00 аралығы екенін атап өтті. Сондай-ақ, ол ұйқының тұрақсыз режимі (бірде ерте, бірде кеш ұйықтау/ояну) ағзаға кейде ұйқының аздығынан да жаман әсер етуі мүмкін деді. Сондықтан күн сайын бір уақытта ұйықтап, бір уақытта тұруға кеңес берді.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
Massaget.kz