• 501.83
  • 490.7
  • 5.31

Ұйқы қанық болып ояну үшін бөлме температурасы қандай болуы керек?

Ұйқы қанық болып ояну үшін бөлме температурасы қандай болуы керек?
Фото: depositphotos.com

Сомнолог маман бөлме температурасының адам ұйқысына әсері жайлы бөлісті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі РИА Новости-ге сілтеме жасап. 

Сомнолог маман Павел Кудинов адамның ұйқысы ең қанық болатын сәт салқын бөлмеде екенін айтты. Оның сөзінше, адам ыстық бөлмеге қарағанда, салқын бөлмеде жақсы ұйықтайды. 

"Жатын бөлмедегі мінсіз ауа температурасы ретінде 19-дан 21 градусқа дейінгі шаманы атады және ұйықтар алдында бөлмені желдеткен дұрыс", - дейді маман. 

Дәрігердің айтуынша, бөлменің есігін ашық қалдырған жөн. Әсіресе адам бөлмеде өзі жалғыз болмаса, онда тіптен ауаны тазартып отырған абзал. Әйтпесе таңертең ондағы оттегі мүлдем қалмауы бек мүмкін.

Таза ауаның жетіспеушілігі өз кезегінде тамақ ауруы мен бас ауруын тудыруы мүмкін деп ескертті сомнолог.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Д. Литпин