Көптеген адамға қыс мезгілінде таңертең тұру өте қиын. Ұйқыдан тұруды жеңілдету үшін түнде жақсы ұйықтау керек. Дәрігер жақсы ұйықтауға көмектесетін бірнеше кеңес айтты, - деп хабарлайды Doctorpiter.
Дәрігер Игорь Соляник ұйықтар алдында тамақ немесе сергітетін сусындар ішуден, ауыр физикалық күш салудан бас тартуға кеңес береді. Сондай-ақ гаджеттерді пайдалану ұсынылмайды.
"Таза ауада серуендеген дұрыс немесе көп күш кетпейтін жұмыстарға басымдық бергеніңіз жөн", - дейді ресейлік клиникалардың бірінің бас дәрігері.
Сарапшы бір уақытта ұйықтап, оянуға кеңес берді. Сонымен қатар, ұйқы сапасына матрас пен төсек-көрпе де маңызды. Сондай-ақ, дәрігердің айтуынша, жұмыс пен демалыстың арақатынасын ретке келтіру маңызды, күн сайын өзіңізге уақыт бөлуді ұмытпаңыз.
Игорь Соляник ұйқы қанбауының басқа да ықтимал себептерін талдауды ұсынады. Осы мәселе бойынша кеңес алу үшін жалпы тәжірибелік дәрігермен, невропатологпен немесе сомнологпен байланысып, проблеманың себептері мен шешімдері туралы ойлана аласыз.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!