Таңда көңілді әрі сергек ояну үшін, кешке қамдануыңыз керек. Психолог Ольга Шалдыбина қандай кешкі рәсімдер ұйқыдан оянғаннан кейін бақытты сезінуге көмектесетінін айтты, - деп хабарлайды doctorpiter.ru.
1. Серуендеп қайтыңыз
Физикалық белсенділік мидың тынығуына және тезірек ұйықтауға көмектеседі. Ұйқы алдындағы түрлі жаттығудан кейін дене босаңсып, терең ұйықтауға мүмкіндік береді. Сәйкесінше, таңертең сергек боп тұруға ықпал етеді.
2. Ортаңызды ретке келтіріңіз
Айналадағы кеңістік біздің физикалық және психикалық әл-ауқатымызға әсер етеді. Кешке үйді тазалауға бірнеше минутыңызды бөліңіз, сонда таңертең өзіңізді бұл күнге дайын сезінесіз.
10-15 минут ішінде көп нәрсе жасап үлгересіз. Осындай әдетті қалыптастырыңыз, жақсы нәтижеге жетесіз.
3. Ертеңгі күнді жоспарлаңыз
Сонда бір нәрсені ұмытып кетемін деп уайымдамайсыз. Барлық істі қағазға жазыңыз, тағы бір ісіңіз есіңізге түссе, оны да тізімге қосыңыз. Сіздің "картаңыз" дайын, ал бұдан миыңыз тынығады. Мұндай тәсіл келер күнге деген сенімділікті қалыптастырады.
4. Ертеңге қызық іс-шараларды жоспарлаңыз
Өзіңізді қызық әрекеттермен ынталандырыңыз: отбасыңызбен немесе достарыңызбен серуендеу, саябаққа саяхат немесе кино, түнде кітап оқу.
5. Келер күнді елестетіңіз
Келер күннің қолайлы сценарийін елестетіңіз. Қандай қиындықтарға тап болуыңыз мүмкін және онымен қалай күресесіз? Күні бойы өзіңізге қалай жағдай жасайтыныңызды ойланыңыз.
6. Ұйықтар алдында 2 сағат бұрын әлеуметтік желілерге кірмеңіз
Әлеуметтік желілер көңіл көтеретін контент ұсынса, екінші жағынан, олар алаңдаушылықтың, стрестің тіпті депрессияның пайда болуына әкеледі. Шындық пен жалған ақпарат арасын ажырату қиынға соғуы, сондықтан сіз өзіңізді басқа біреумен салыстырып кетуіңіз мүмкін.
7. Ұйықтар алдында тамақ ішпеңіз
Ұйықтар алдында кем дегенде 1,5-2 сағат бұрын тамақтанбауға дағдыланыңыз. Осылайша, түнде жеген нәрсені қорытудың орнына ағзаңыздың демалуына мүмкіндік бересіз.
8. Өзіңізге "махаббат" жазбасын жазыңыз
Өзіңізді ең жақын досыңыз немесе кішкентай бала үшін ересек адам сияқты келтіріңіз. Бір қарағанда, бұл біртүрлі болып көрінеді, әрине, бірақ мұның көмегі бар. Байқап көріңіз.
Ояна сала "Мен сені жақсы көремін!", "Сен керемет жасайсың!", "Бүгін ең жақсы күн", "Қолыңнан келеді" деген жазбаларды оқысаңыз, көңілү күйіңіздің көтерілетіні сөзсіз.
9. Жылы сусын ішіңіз
Жылы су денені ұйқыға дайындайды. Оның үстіне, бұл әдетке айналса, онда ағзаңыз су ішкенде бірден демалуға дайындалады. Бұл жылы су, шөп немесе кәдімгі шай болуы мүмкін.
10. Душқа түсіңіз
Күні бойы жинақталған стрестен арылыңыз. Жылы судың астында бірнеше минут тұрыңыз. Кейін тазалықты сезіну бақытты болуға септігін тигізеді.
11. Алғыс айтуды үйреніңіз
Бүгінгі күніңізге риза болатын 10 нәрсенің тізімін жасаңыз. Мұны ауызша айтсаңыз не қағазға жазсаңыз болады.
12. Жақыныңызды құшақтаңыз
Біреуді қысып құшақтасаңыз, окситоциннің бөлінгенін бірден байқайсыз. Кейбіреулер үшін бұл қалыпты жағдай емес. Маңыздысы - құшақтаудан ұялмаңыз.
13. 23.00-ге дейін ұйықтауға тырысыңыз
Осылайша, қайта қалпыңызға келу үшін ұйқының дұрыс болуына әсер етесіз. Дене ұйқыға кетерден екі сағат бұрын мелатонинді өндіріп бастайды. Яғни, 23.00-де ұйықтасаңыз, ұйқы гормоны 21.00-де қанда жүре бастайды. Айтпақшы, мелатонин - күшті антиоксидант.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!