Әнші Тамара Асарды Ерке Есмаханға жазған тілегі Желіде қызу талқыға түсті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Тамара Асар Instagram-парақшасында әнші Ерке Есмаханға тілек жазған болатын.
Ағысқа қарсы жүзген екі ғашық
Бүгінде жатыр екен уылдырық шашып
Еркені туған күнмен құттықтайық
Шын ниетпен қуанып көңіл тасып!!!Құрметті Райым Ерке кішкентайлы болуларыңызбен құттықтаймын!!! Сіздер үйленгенде ағысқа қарсы жүзген бағыттарыңыз бақытқа толы болсын деп едім!!! Тола берсін!!! Еркеш туған күнің құтты болсын!!! - деп жазды Тамара Асар.
Ерке Есмахан әншінің ақ тілегіне алғыс айтқан.
"Тамара апа, рахмет! Әрқашан тілекшісіз, Алла разы болсын. Жақсы көремін", - дейді Ерке.
Алайда Тамара Асардың оқырмандары "уылдырық шашып" деген теңеуін қызу талқыға салған.
"Уылдырық шашып дегеннен басқа лексиконда сөз таусылып па? Сонда адам махаббатын балыққа теңегені ма?"
"Уылдырық шашып дегенге неге сонша негатив жазып жатырсыздар? Ол кәдімгі қазақтың ойлы сөздері тұқымдарың көбейсін. Ұрпақтарың көп болсын деген. Ағысқа қарсы ағып дегені де кейбір жаман пікір айтатын адамдардан артық сөз естіп жатырсаңыздар да бақыттысыңдар. Бақытты болыңдар дегені. Тамара сіңліміз өте мәдениетті ойлы түрде құттықтады. Батыстың батыр қыздары ғой"
"Ішегім қатып күлдім ау уылдырық шашып дегенге"
"Әдемі тілек - уылдырық шашып. Тұқымың өскір, тұқымың жайылсын, деген сөзге ұқсас астарлы сөздер. Ер мен әйелге бірдей айтыла береді", - дейді Желі қолданушылары.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз