- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Ұйғыр ауданында кәмелетке...
Ұйғыр ауданында кәмелетке толмаған қызды зорлады деген күдікті ұсталды
Алматы облысының полицейлері кәмелетке толмаған қыз балаға қатысты сексуалдық сипаттағы қылмыс жасады деген күдікке ілінген ер адамды ұстады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Қазір ол уақытша ұстау изоляторына қамалған.
Еске салайық, 13 сәуірде Ұйғыр ауданының полициясына қызының зорланғаны жайында жергілікті тұрғын арызданған болатын.
"Бұл дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 120-бабының белгілері бойынша тіркелді. Аталған деректі тексеру шеңберінде бірқатар сот-медициналық сараптамаларды тағайындаумен барлық қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп, сондай-ақ істі дұрыс шешу үшін тараптардың дәлелдері жан-жақты, толыққанды тексеріліп жатыр", - делінген полиция таратқан хабарламада.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
М. Лұқпан