"Үйге неге әйелдерді алып келесің?" Бишімбаевтың адвокаты күтпеген мәлімдеме жасады

"Үйге неге әйелдерді алып келесің?" Бишімбаевтың адвокаты күтпеген мәлімдеме жасады
Фото: Астана сотының баспасөз қызметі

Бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың адвокаты Назкен Құсайынова марқұм Салтанат Нүкенованың ұялы телефоны тексерілгенін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Астанада өтіп жатқан сот отырысында адвокат Назкен Құсайынова Салтанат Нүкенова күйеуі Қуандық Бишімбаевты қатты қызғанғанын айтқан еді.

Олар сонымен бірге сотталушының тарапынан марқұмға абьюз пен қатігездік жасалмағанын, бұл шындыққа жанаспайтынын айтты.

Оған "дәлел" - ұялы телефоннан табылған жеке хаттар.

"Қылмыстық істі тергеу барысында Салтанат Нүкенованың ұялы телефоны тексерілді. Тергеушілер Салтанат Нүкенованың телефонынан 1 701 фото тапты. Оның ішінде 608 видео болған. Онда қылмысқа қатысты ақпарат табылмады. 2023 жылғы 25 желтоқсанда Салтанат Нүкенованың WhatsApp қолданбасы тексерілді. Тергеуші телефоннан тек галереяны қарады. Алайда ұялы телефоннан күш қолдану белгілері бар фотолар табылмады. Тергеуші тексеру хаттамасында сақталған Нүкенова мен Бишімбаевтың хат жазысқан тек екі скринін көрсетті. Бұл скриншот Қуандық Бишімбаевта қызғаныш сезімі болды дегенді пікірді жоққа шығарады. Онда керісінше, Салтанат Нүкенованың Қуаныш Бишімбаевқа деген қызғанышын растайды. Онда Нүкенова Бишімбаевқа "Үйге неліктен әйелдерді алып келесің?" деген хаттар болған. Бұл жәбірленушінің одан кетіп қалып жүргенін көрсетеді", - деді адвокат Назкен Құсайынова.

Осыған байланысты адвокат қылмысты жан-жақты тергеу үшін тез арада компьютерлік технологияларды пайдаланып, марқұмның ұялы телефонын тексеруді сұрады.

Судья бұл талапты қанағаттандырмады.

Айта кетейік, кеше, 11 наурызда прокурор соттың алдын ала тыңдауында Қуандық Бишімбаев марқұм әйелін қатты қызғанғанын, оны ешкіммен сөйлестірмей, қаржы жағынан өзіне тәуелді еткенін айтқан еді.

"2022 жылы тамызда Астанада Қуандық Бишімбаев Салтанат Нүкенованы ұнатып қалып, соңынан қалмай кездесуге шақырған. Салтанат Нүкенова бірнеше рет кездесуден бас тартса да, Бишімбаев көңілін тапқан. Ол өзін тек жақсы жағынан көрсеткен. 2022 жылы 16 желтоқсанда Қуандық Бишімбаев Салтанат Нүкеноваға үйленген, бірақ неке заңды түрде тіркелмеген. Олар азаматтық некеде болған. Олар бірге тұрғаннан бастап Қуандық Бишімбаев ашушаң, агрессивті, өзімшіл бола бастаған. Бишібаев Нүкеноваға туыстары және құрбыларымен кездесуге, сөйлесуге тыйым салған", - деген еді прокурор.

Аяз Есен

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Massaget.kz