Жылдың суық мезгілінде жеке үйлерді газға қосу мәселесі аса маңызды. Бұл тек экологиялық себептерге байланысты ғана емес, өйткені жылдың осы мезгіліндегі шығарындылардың, әсіресе, қалаларда түтіннің пайда болу себептерінің бірі екені белгілі.
Биыл Алматыда жеке тұрғын үй секторын газдандыру деңгейі 99,2 пайызды құрады. Яғни, мыңнан астам үй газға қосылмаған күйінде қалып отыр. Бұл ретте магистральдық желілердің болмауына байланысты 470-ке жуық үйдің қосылу мүмкіндігі жоқ. "Алматы қаласын 2025 жылға дейінгі дамыту бағдарламасы және 2030 жылға дейінгі орта мерзімді перспективаларда" көрсетілгендей, 2023 жылға дейін мегаполисте 23,2 шақырым газбен жабдықтауды тарату желілері салынады. Бұл 355 тұрғын үйді газға қосуға, ал қалған 600-ден астам үйді 2025 жылдың соңына дейін газдандыруға мүмкіндік береді деп болжануда. Бірақ халықтың әлеуметтік осал топтары (ХӘОТ) санатына жататын 150-ден астам тұрғын үшін бұл өте қымбатқа түседі. Олар көгілдір отынды жеңілдетілген шарттармен – мемлекеттің немесе демеушілердің көмегі есебінен қоса алады.
Жеңілдік алушылар санатына кімдер кіреді?
Наурызбай ауданы әкімдігінің коммуналдық шаруашылық бөлімінің бас маманы Ерасыл Әділбаевтың айтуынша, Қазақстанда жеңілдік алушыларға әлеуметтік көмек көрсетіледі. Яғни газ құбырының жалпы тармағынан меншік иесінің тұрғын үйіне дейін газ жабдықтарын жүргізуге және орнатуға жұмсалған барлық шығындар өтеледі. Бірақ мұндай көмек жан басына шаққандағы орташа табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің үш еселенген мөлшерінен аспайтын қазақстандықтарға ғана көрсетіледі.
Сонымен, мұндай жеңілдіктер келесі санаттағы азаматтарға беріледі:
Яғни, осы санаттарды растау үшін ХӘОТ мәртебесі туралы құжаттың көшірмесін, яғни, егер отбасы көп балалы болса, тиісінше, әр баланың туу туралы куәлігін, ерекше қажеттіліктері бар адамдар мүгедектігі туралы анықтаманы, зейнеткерлер зейнетақы куәлігін, т.б. ұсынуы қажет.
Әкімдікте ортақ газ құбырынан үйге дейін газ өткізуге және жабдықтарды орнатуға жұмсалған шығындарды өтеудің тек бір-ақ рет көрсетілетінін және өтініш берушіге де, оның отбасы мүшелеріне де қайталап көрсетілмейтінін атап өтті.
Әлеуметтік көмек алу үшін қазақстандықтар әкімдікке мынадай құжаттармен жүгінуі қажет:
Газ өткізу үшін тағы қандай құжаттар қажет?
Үйді газбен жабдықтау жүйелеріне қосу үшін сіздің қолыңызда мынадай құжаттар болуы керек:
Ерасыл Әділбаевтың айтуынша, қазір Наурызбай ауданы бойынша 39 абонент газ өткізуге кезекте тұр. Оның ішінде қаржылық жағдайы газ өткізуге мүмкіндік бермейтін 12 әлеуметтік жағдайы төмен отбасы, 12 көп балалы отбасы, 9 зейнеткер, 6 мүгедек бар.
"Әр отбасының жағдайын алып қарасақ, оңай емес. Мысалы, өздігінен әрең жүріп-тұратын 1941 жылы туған әже бар. Биылғы ақпан айында ұлы қайтыс болған. Қарасаң, жүрегің ауырады", - дейді Әділбаев.
Алматының Алатау және Наурызбай сияқты жаңа аудандары газдандыруға аса мұқтаж. Кейбір азаматтардың үйге немесе жер учаскесіне қажетті құқық беретін құжаттарының болмауы газ өткізуге кедергі болуда.
Ерасыл Әділбаевтың айтуынша, егер тұрғындарға қандай да бір көмек қажет болса, әдетте жергілікті әкімдіктерге жүгінеді, олар мүмкіндігінше көмек көрсетеді. Биылғы жылы Алматы мен Астанада 200-ден астам үйге газ өткізу шығындарын Halyk Bank өз мойнына алды. "Банк жобалау-монтаждау жұмыстары, қазандық, есепке алу құралы, түтін ұстағыштар сияқты газ жабдықтары бойынша барлық шығындарды өз мойнына алады", - деп атап өтті Наурызбай ауданы әкімдігінің қызметкері.
Сонымен қатар, газды өткізу үшін банк арқылы бөліп төлеу мүмкіндігі қарастырылған, сонымен қатар монтаждау компаниялары әлеуметтік жағдайы төмен азаматтар үшін 30-50 пайыз "газ жеңілдіктерін" жасайды. Алайда келісімшарт жасамас бұрын компанияның қажетті лицензиялары мен аттестаттарының бар-жоғын тексеріп алу қажет.
Газдандыру жобасы Halyk-тің 100 жылдығына арналған "100 игі іс" ауқымды акциясының аясында жүзеге асырылуда. 2023 жылы банк қаражаты есебінен Алматы мен Астанадағы 230-ға жуық аз қамтылған отбасылардың үйлерін газға қосуды толық қаржыландыру жоспарлануда.
Бұған дейін Halyk Алматыда жалпы сомасы 92 млн теңгеге 100 жеке үйді толық газдандыруды қаржыландырған, сондай-ақ тұрғын үйлерге газ жүргізуге жеңілдікпен кредит берудің жеке бағдарламасын іске қосқан болатын.
Газдандыру туралы Halyk ақпараттық жобасы аясындағы барлық мақалаларды мына сілтемеден көруге болады.
Серіктестік материал