- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Үйдің маңы базар...
"Үйдің маңы базар сияқты". Қарағандыда тұрғындар сауда дүңгіршіктері көбейгеніне наразы
Қарағандыда үй маңындағы сауда контейнерлері көбейіп жатыр. Восток-1 шағынауданы тұрғындары бұл аумақта абаттандыру жұмыстарын күтіп жүр. Алайда оның орнына санитария талаптарына сай келмейтін дүгершектер көбейген, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Былтыр жыл соңында тұрғындар жаяу жүргіншілер жолында бір-екі сауда дүңгіршігі тұрғанын аңғарған. Кейін бұл жер нағыз "базарға" айналған.
"Үйдің маңы бір базар сияқты. Тура 90-жылдарға түсіп кеткен секілдіміз. Құмырсқа секілді қаптап кетті. Кім рұқсат беріп жатыр? Білмеймін", - дейді қала тұрғыны Дулат Тілеубай.
Жақын маңдағы дәмханадан тартылған электр сымдары тұрғын үйдің балкондары арқылы жалғаған. Енді тұрғындар өз өмірлеріне екі есе алаңдайды. Халық жиналып, әкімдікке хат жазып, прокуратураға барамыз дегенше тағы үш контейнер пайда болған.
Әкімдік өкілдері жоспарланған құрылыс туралы пікір білдірді.
"Жердің иесі бізге Майқұдық қаласының егжей-тегжейлі жоспарлау жобасына толықтыру енгізу туралы бірнеше рет жүгінді. Біз ол адаммен (контейнерлерді қойған адам - еск.) жеке сөйлестік. Біз бұл учаске (дүңгіршектер - еск.) жобаға енгізілмейтінін айттық. Өйткені аудан әкімдігі алаң құрылысын қарастырып отыр. Сонымен қатар, бұл контейнерлер бір-біріне тығыз орналасқан", - дейді Қарағанды қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы Қуат Бектемісов.
Әкімдік өкілдері болашақ құрылыс нысанына тексеріс жүргізілетінін айтты. Бірақ уақытша құрылыстардың саны артып келеді. Тұрғындардың пікірінше, мұнда дүңгіршектер орналаспауы керек, ал уәкілетті органдардың тексерісіне мораторий кедергі келтіруі де әбден мүмкін. Ал халық әділдікке қол жеткізу үшін аяғына дейін баратындарын айтады.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова