- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Үйдің қабырғасы құлап...
"Үйдің қабырғасы құлап түсті". Ақсу кентінің тұрғындары жарылысқа наразылық білдірді
Степногорск қаласының іргесіндегі Ақсу кентінің тұрғындары жанындағы алтын өндіру кен орындары жарылыстарынан үйлерінің қақырап жарылатынын айтып жылда шағынады. Бұл жолы тұрғындар үйлерінің қабырғаларының опырылып құлағанын жария етті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Тұрғындардың айтуынша алтын өндіру кезіндегі жарылыстардың салдарынан Ақсу кентіндегі үйлер түгелге жуық зақымданған. Қабырғалары қақырап, кірпіштерінің арасында жарылған сызаттар пайда болған. Бірақ соңғы жарылыстарды әлеуметтік желіге жариялаған ауыл тұрғындары баспаналарының қабырғалары құлап түскенін хабарлады. Жергілікті әкімдік пен тиісті құзырлы органдарға шағым айтқанымызбен біздің жанайқайымызға ешкім құлақ түрер емес дейді тұрғындар.
"Міне үйдің қабырғасы құлап түсті. Кеше ғана жарылыстан құлаған бұрышын түзеткенбіз. Міне жарылыстан кейін ол тағы да жарылып кетті, - дейді үйінің қабырғасы құлап түскен Ақсу кентінің тұрғындары.
Ақсу кенті аппаратының әкімі алтын өндіруші "Алтын Алмас" компаниясымен тексеріс жұмыстарының жүргізілетінін мәлімдеген. Ал "Алтын Алмас" компаниясы Ақсу кентінің шағымданған 51 үйде техникалық тексеріс жүргізіліп оның қорытындысы бойынша көбі расталмағанын жеткізді.
"Ақсу кентіндегі үйлердің басым бөлігі сонау өткен ғасырдың 50-60 жылдарында салынған ескі үйлер. Сондықтан олар жарылыс болмаса да құлауы әбден мүмкін. Дегенмен тұрғындардың шағымымен 53 үйде техникалық тексеріс жүргізілді. Оның қорытындысы бойынша кент тұрғындарымен тоқсан сайын өтетін есептік кездесуде айтылды. Қазіргі уақытта тексеріс нәтижелері бойынша компания тексерілген үйлердің иелерімен келіссөз жұмыстарын бастады. Тұрғындар тегін үй алып қалу мақсатында осындай әрекетке барып отыр. Әрбір тексерілген үй бойынша қорытынды тек аталған үйдің иесіне ғана ұсынылады басқа үшінші тұлғаларға таратуға жатпайды, - дейді "Алтын Алмас" компаниясының баспасөз қызметінен.
"Алтын Алмас" компаниясының мәліметінше жыл соңына дейін Ақсу кентінің 11 үйін басқа жаққа көшіру жоспарланған.
Абзал АЛПЫСБАЙҰЛЫ
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Қ. Әбілдәқызы