- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Үйдің жанынан өтіп...
"Үйдің жанынан өтіп бара жатқан". Оралда басына кірпіш құлаған әйел мерт болды
Фото:
instagram
Оралда тұрғынның басына кірпіш құлап, әйел адам жан тапсырды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі қалалық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қайғылы оқиға 26 қарашада сағат 14.35-те Достық даңғылындағы 236 үйдің жанынан өтіп бара жатқанда болған.
Әйел адам оқиға орнында мерт болған.
Қайғылы жағдайдың себептерін анықтау мақсатында Орал қалалық ПБ жедел-тергеу тобы, жергілікті атқарушы органдардың өкілдері жұмыс атқарып жатыр.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина